Бастөбе сервистік-техникалық колледжі Жетісу облысының ең көне оқу орындарының бірі, өзінің даңқты жылнамасын 1983 жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізіп келеді. Мыңдаған түлектер өздерінің тұрақтылығы мен үйлесімділігі арқылы ерекшеленетін инженерлік-педагогикалық ұжымның махаббатын, жылуын, кәсіби білімдері мен іскерліктерін өздерімен бірге алып кетеді.
Негізгі даярланатын мамандықтар:
1. Ауылшаруашылығының өндіріс шебері «Фермер», ВС категориялы көлік жүргізуші
2. Автокөлік жөндеуші слесарь, ВС категориялы көлік жүргізуші
3. Кең профильді құрылысшы (тас қалаушы, сыршы – сылақшы, ғимараттардың ішкі көріністерін өңдеу шебері)
4. Тамақтандыру мекемесінің маманы (аспаз, даяшы, кондитер)
5. Газбен және электрмен дәнекерлеуші, ВС категориялы көлік жүргізуші
6. Ауыл шаруашылық өндірісінің электр жабдықтарын жөндеуші –электрмонтері, ВС категориялы көлік жүргізуші
Колледж басшылары:
1983 – 2004 жылдар аралығында мектеп басшысы болып Александр Федорович Казанцов; 2004-2005 жылдар аралығында Қажияхметов Болатбек Қажияхметович; 2005 жылдан бастап Жамалбеков Мәлікжан Бейсенович мектеп директоры қызметін қызмет атқарады.
Колледж түлектері:
Олейников Олег Томск қаласындағы әскери училищеде тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
Абдул-олгы Осман 55078 әскери бөлім комондирінің техникалық бөлімі жөніндегі орынбасары. Шаяхметова Райхан қыздар педагогикалық институның 4-бағам студенті, облыстық «Үздік шығарма» сайысының жүлдегері, Астана қаласында білім және ғылым министрінің қабылдауында болып марапатталған. Фролов Михаил кәсіптік мектепті, қазақ мемлекттік құрылыс-сәулет академиясын қызыл дипломға бітіріп құрылыс саласында жұмыс жасайды.
«ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ»
«ШЕБЕРХАНАЛАР»
«АКТ ЗАЛ | АСХАНА | СПОРТЗАЛ»
«ЖАТАҚХАНА»