2022 жылдың 21 желтоқсан күні Жетісу облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы және Бастөбе сервистік техникалық колледжі жаңартылған бағдарлама бойынша өзара тәжірибе алмасу,
құнды ақпараттар беру арқылы тәжірибедегі проблемалардың шешу жолдарын табуға әдістемелік көмек көрсету мақсатында колледждің жалпы білім беру пәндері оқытушыларына облыстық әдістемелік күн ұйымдастырды. Облыстық әдістемелік күнде Бастөбе сервистік- техникалық колледж оқытушылары, химия пәнінің оқытушылары Ахметова Д.А, тарих пәнінің оқытушысы Медведева Е.А. және Қаратал ауданы, Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебі, биология пәнінің мұғалімі Иманкулова Гульнур Калымбековна, Есенберлин атындағы ОМ, география пәні мұғалімі
Танатарова Гульзат Пернехановна, М.Горький атындағы ОМ, физика пәні мұғалімі Касымова Камшат Бакытовна озық іс- тәжірибелерін ұсынды.